ҰБТ туралы » "Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Мәншүк Маметова орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
май
2017

ҰБТ туралы

М.Маметова атындағы  орта мектебі бойынша     2015-2016   оқу жылында ҰБТ қорытындысы

  Жалпы орта білім курсы бойынша барлығы 5 оқушы бітірді. Оның ішінде ҰБТ нысанында  5 оқушы  (80 %) тапсырса,      1оқушы  өз өтініші негізінде мектепішілік мемлекеттік емтихан тапсырды.

ҰБТ нәтижесі бойынша  жалпы орта балл – 64,5

Пәндер бойынша орта балл :

Қазақ тілі –                17 % - білім сапасы -66,6% мұғалімі  Бүркітбаева Ж.Қ

Орыс тілі –                11,4 % - 66,6 % мұғалімі   Садыкова Г.Қ

Қазақстан тарихы  – 17,2% - 66,6%    мұғалімі  Құрманғалиева М.Р

Математика -             9,2 %  -33,3%   мұғалімі     Өмірсерікова Д.С

Физика   –                7 % - 50%   мұғалімі   Жиентаев Н.М

Биология  -               14,5%  -100% мұғалімі  Байсалова Ж.Д

Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды,талантты ұрпағы. Қазіргі уақыт талабы-шәкірт білімінің тереңдігі.Бұл талап күн өткен сайын күшейе түсуде.Ал,білім сапасының негізгі көрсеткіші- ҰБТ.   

     Өткен оқу жылындағы ҰБТ қатысушылардың нәтижесі , жіберілген кемшіліктері педкеңесте және ӘБ-тер отырыстарында қаралып, жіберілген кемшіліктерді жою мақсатында 2015-2016 оқу жылында әр мұғалім,директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан іс-шаралар әр айға жоспарланып , осы бойынша жұмыстар атқарылды.Сондай-ақ мұғалімдердің сапалық құрамына сараптама жасалынып,11 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер құрамын таңдап, ҰБТ-ге дайындайтын жауапты мұғалімдер тізімі мектепішілік №109 бұйрықпен бекітілген. ҰБТ –ге дайындық жұмысы,аралық тестілеулердің қорытындысы педкеңесте, сондай-ақ әр ай сайын ДЖК-те,ӘБ отырыстарында қаралып,сараланып, мониторинг жасалынып, жіберілген кемшіліктер бойынша қосымша іс-шаралар жоспарланып,қосымша сабақтар беріледі.

Әр тестіден кейін кемшіліктерді жою бойынша әр пән мұғаліміне ұсыныс беріліп,ол ұсыныстарды қалай орындап жатқаны қосымша сабақтарға әкімшілік , ата-аналар қатысу арқылы бақыланып отырады. Сондай-ақ пән мұғалімдері өздері оқушылардың тарапынан қате жіберген тақырып бойынша сынама алып тексереді.Мұғалімдер оқушыларды деңгейге бөлу арқылы сабақтар өткізді.

      Оқу жылының басынан  ата-аналар  мен мектеп бітіруші түлектер арасында жалпы мектепішілік, сынып жиналыстарында  ҰБТ туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтсақ ҰБТ –ге арналған бұрыш жасалынып онда ақпараттық қағаздар ілінумен қатар оқушы –ата-аналар арасында тренинг , сұрақ –жауап, анкета жүргізіліп, олардың ҰБТ туралы түсініктерін кеңейттік. Ата-аналар мен оқушыларға арналған кеңес –нұсқаулықтар үлестірілді.Осы іс-шаралардың нәтижесінде оқу жылын аяқтайтын 5 түлектің 4 -і ҰБТ таңдаса , 1 оқушы мектепте жалпы орта білім курсы бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға өтініш берді.

   Пән бірлестіктерінде  пән мұғалімдерімен ҰБТ –ге дайындау туралы семинарлар өткізіп, өзара пікір алмасып, мұғалімдер кезектесе дайындау сияқты жұмыстар ұйымдастыруда.Сонымен қатар  қосымша әдебиеттермен жұмыстар өткізуді іске асыруда.

     Оқушыларды ҰБТ –ге қатыстыруға дайындық жүйелі түрде жүргізіліп келді. Оқушылар мен ата –аналарды ҰБТ ерекшілігімен таныстырудан бастап, оқушыларды сынама , аралық тестілерге тұрақты қатынастырып, олардың ҰБТ –ге қатысуын қамтамасыз ететін барлық құжаттарын жинап, түгендеп, ҰБТ-ге кіретін рұқсаттама қағаздарын дайындап, мектепте ҰБТ-ге өткізілетін  дайындық қосымша сабақтарын тұрақты , сапалы өтілуі қамтамасыз  етілді.

   Мектепте оқушыларды деңгейлерге бөлу арқылы әр пән мұғалімі 5-11сынып аралығындағы тақырыптарға шолу жасап,оқушыларға қиындық туғызып отырған бөлім, тақырыптармен қосымша жұмыстар өткізуде.

 Қазақстан тарихы бойынша оқушылардың аралық сынама тест көрсеткіштерін көтеру мақсатында қосымша материалдармен жұмыс жүргізе отырып, хроникалық даталарды есте сақтауын бақылау негізінде қысқаша тест тұрақты өткізіліп отыр. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше ізденіп,есте сақтау қабілеттерін арттыруға үлес қосты,оқушылар өз деңгейінде білім нәтижесін көрсете алды.

 Таңдау пәндері бойынша оқушылардың биология пәні бойынша таңдаған 2 оқушының аралық сынама тест нәтижелері жақсы.Пән мұғалімі тест, қосымша материалдармен тұрақты жұмыс жүргізу нәтижесінде білім сапасы көтерілді.

  Физика  пәнін таңдаған 1 оқушы жыл бойғы  аралық сынама тестілерде жақсы нәтиже көрсеткенімен ,қорытынды тестте таңдаған пәнін «3» тапсырды.   ҰБТ-де төмен нәтиже көрсеткен пән мұғалімдеріне ескерту берілді.

    ҰБТ- де   «2»  алған оқушылар : жоқ.

   ҰБТ –де пәндері бойынша төмен нәтиже көрсеткен физика  пәні мұғалімі С.А.Жанұзақова мен математика пәні мұғалімі Д.С Өмірсеріковаға ескерту беріліп,өз білімдерін көтеру туралы ескертілді.

 

 

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив