Мұғалімдер шығармашылығы » "Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Мәншүк Маметова орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
май
2017

Мұғалімдер шығармашылығы

2016-2017 оқу  жылына арналған ОТЖ дамытуға мүмкіндік беретін мектептің                                                                негізгі бағыттары

 1.ҚР  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Жолдауында айтылған    нақты қадамдарды  басшылыққа  ала отырып,   << Бәсекеге қабілетті  50 мемлекеттің қатарына кіру стратегиясына >>  сәйкес   білім жүйесінің бәсекеге  төзімділігін арттыру міндетін  жүзеге асыру  мақсатында   жұмысты одан әрі жалғастыру және xалықаралық білім кеңістігіне кіру  жұмыстарына  дайындық жасау.             

 2.Мектептің  ғылыми-әдістемелік қызметін жаңартуға арналған ғылыми-әдістемелік қызметтің моделін жобалау және осы жұмысты педагогтар кәсіптілігіне ,оқушылардың білім сапасына әсерін күшейту . Оқытудың жаңа шартында нәтижеге көзделген оқу-тәрбиелеу үрдісін псиxологтік – педагогикалық қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастыру.   

 3.Әдістемелік  бірлестік , ОҒҚ , ғылыми-әдістемелік қызметтің жұмысын белсендете отырып , мектептің оқу , тәрбиелеу үрдісін басқару және бақылау жүйесін жетілдіру .    

 4.Тұлғаның  тәрбиесі , әлеуметтік  жағдайы  бойынша мектептің   оқыту  сапасын бағалау  мақсатында  анықтау аппаратын  даярлау. 

 5. Мектептің  жаңа теxнология  бойынша  оқыту жүйесін  жетілдіру. Оқу үрдісіне электрондық  материалдар  енгізу  және қолдану .        

  6.Оқу- әдістемелік материалдарды  қазіргі  заманға сай  әлеуметтік- экономикалық  шарттар мен оқу- тәрбиелеу  үрдісінің  талаптарына сәйкес  жағдайға  келтіру .  

 7. Мектептің   оқу-тәрбиелеу  үрдісінің жүйесін жаңарту :  жаңа  идеялар ойлап табу , оқыту ,  тәрбиелеу  мен   басқарудың  басқа да меxанизмдерін  құру. 

       Осы мақсат міндеттерге  жету бағытында  мектепте 4 әдістемелік бірлестік жұмыс істеді:

  1. Гуманитарлық пәндер   бірлестігі- жетекшісі :       Садыкова Г.Қ
  2. Жаратылыстану пәндер  бірлестігі- жетекшісі:       Жанузақова С.А
  3. Бастауыш сынып пәндер  бірлестігі- жетекшісі:      Тохаева Ж.С
  4. Өнер пәндер бірлестігінің  – жетекшісі:                  Чалимбаев А.К

      Бұл бірлестіктер 23 параметр негізінде әдістемелік жұмысты жүзеге асырады. Әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарының негізгі бағыттарының  бірі ол – пәндік семинарлар.  Пәндік семинарлар отырысының  басты мақсаты- сабақтарды,  сыныптан тыс сабақтарды тиімді де тартымды етіп  өткізу,  бейіндік  пәндерден сабақтар өткізу,  өз білімдерін жетілдіру, мұғалімдердің өзара бірлесіп сабақтар жүргізуінің тиімділігінін  арттыру,  электронды  оқулықтарды, интерактивті әдіс-тәсілдерді, AKTIVSTUDIO-ны  қолданудың жолдары туралы әдістемелік көмектер көрсету. Мұғалімдердің кәсіби құзырлығы мен әлеуметтік мәртебесіне бүгінгі күні көп көңіл бөлінуде. Себебі білім мен тәрбие беру үрдісінде көп мәдениетті тұлға қалыптастыра отырып, тарихи, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларға білім, білік, дағдыға қоса  құзыреттілікті қалыптастыру керек. Сондықтан мұғалімнің деңгейі осы талаптарға сай болу талабы заңдылық.

   Бұл бағытта мұғалімдердің өзекті мәселелерімен жұмыс жүйесі құрылып, мектептің өзекті мәселесімен сәйкестендіріліп, жүйеленді. Жыл сайын әрбір ұстаздың санат дәрежесіне сай әдістемелік деңгейін анықтау , мұғалімнің өзіне тән мәселесі, болашақтағы дамуы, білім технологиялары дәрежесін қаншалықты игергендіктерін анықтау мақсатында  педагогикалық ұжымда зерттеулер жүргізіліп отырылады. Сондай-ақ мектеп мұғалімдері  оқу үрдісінде пед. технологияларды өз тәжірибелерінде қолданып, кеңінен таралуына ықпал  етуде .

Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілді. 19 мұғалім  өздерінің кәсіби біліктіліктерін  арттырды.. Биылғы оқу жылында өткен аудандық кәсіби байқауларға қатысып, өз дәрежелерін танытып қайтты. Атап айтсақ  «Үздік тарихшы-2015» байқауында Н.Т Нусипбеков 1 орын, «Жаңа әлемдегі- Жаңашыл үлгі» инновациялық байқаудан М.Р Құрманғалиева  ІІ орын, «Үздік флипчарт » байқауынан  биология пәнінің мұғалімі Ж.Д Байсалова І орын. «Мәңгілік Ел»- рухани даму негізі облыстық семинарда сертификатпен марапатталды. «Нұрлы болашақ» Республикалық қашықтықтан олимпиядасынан І дәрежелі дипломмен тарих пәнінің мұғалімі М.Р Құрманғалиева  марапатталды.«Үздік математик-2015» байқауында Д.С Өмірсерікова алғыс хатпен марапатталды, «Үздік бастауыш сынып мұғалімі -2016 » бастауыш сынып мұғалімі Г.М Жиентаева ІІІ иеленді.  «Үздік флипчарт» байқауынана шағын орталық тәрбиешісі А.Ж Сейсембаева ІІІ орын,«Үздік педагог-2016» байқауынан география пәнінің мұғалімі С.Т Құтанова ІІ орын иеленді.

    Әдістемелік жұмыста: семинар-кеңес, әдістемелік күн,педагогикалық оқу, пән апталықтары,кәсіби байқаулар және жас мамандармен жұмыс қамтылған.Әдістемелік жұмыс сараптамасы бойынша тамыз маслихатына төмендегі тізімделген мұғалімдердің баяндамалары ұсынылды: Биология пәні бойынша Байсалова Ж Д,  Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану жолдары,қазақ тілі пәнінен Медеухулова Л.Ж Тіл –Мәңгілік ел! тақырыбындағы баяндамалары жан-жақты талқыланып, аудандық тамыз маслихатына (конференциясына) ұсынылды.   Оқу жылында  мектепте 6 жас маман жұмыс істеді. Мектепте   жас мұғалімдермен  әдістемелік семинарлар, практикалық семинарлар өткізіліп, жекелей кеңестер беріледі. Тәлімгерлердің жас мамандармен жұмысы негізінен 10 бағытта жүргізіледі.   Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер олардың маман болып қалыптасуына үнемі әдістемелік көмектер көрсетіп, жан-жақты көмектесіп отырады. Мектеп ішінде «Жас маман» мектебі құрылған.  Жас мамандардың әдістемелік шеберліктерін айқындау мақсатымен «Жас маман» апталығы өткізілді. Әрбір тәлімгер  өзі оқытатын пәні арқылы  жас мамандарға, әріптестеріне озық педагогтардың іс-тәжірибесін өзі алғашқы болып қолданып,  оқу үрдісінде оқыту құралдарын тиімді пайдалану мен қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білуге, жаңа технология элементтерінің тиімді жақтарын пайдалана  білуге үйретеді. Сондай-ақ жас мамандарға әріптестерінің  де сабақтарына қатысып, сыныптан тыс    іс-шаралар ұйымдастыруларына ықпал етіп отыру арқылы оларды  шыңдап отырады.  

2015-2016 оқу жылындағы аудандық пән олимпиядасының қорытындысы.

Аудандық пән олипиядасына 13 оқушы қатыстырылды.

Нәтижесінде:

р/с

Оқушының аты жөні

Сыныбы

Пәні

Пән мұғалімі

 Алған орны

1

Маулетхан Айғаным

9

Қазақстан тарихы

Нусипбеков Н.Т

ІІ

2

Телембай Шыңғыс

8

Қазақстан тарихы

Құрманғалиева М.Р

ІІІ

3

Даулетқызы Айжан

 

10

Қазақ тілі

Бүркітбаева Ж.Қ

ІІІ

4

Жанай Дінмұханбет

 

9

География

Құтанова С.Т

ІІ

5

Нұрмұханбет Толғанай

 

8

Физика

Жанұзақова С.А

ІІІ

6

Елемесова Гүлзада

 

9

Биология

Байсалова Ж.Д

ІІІ

7

Елемесова Айзада

 

10

информатика

Нұрмұхамедов С.Қ

ІІІ

 

Жалпы  пәндер бірлестігінің негізгі мақсаты: «Қазіргі заман талабына сай жаңа педагогикалық оқыту технологияларды қолдана отырып, жеке тұлғаның қалыптасуын, кәсіби сауаттылығын, белсенділік қабілеттерін арттыру,  функцианалды  сауатты тұлға қалыптастыру»

                                       Міндеттері:

<!-- [if !supportLists] --> 1.      <!-- [endif] --> Сабақта интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды қолдана отырып, сабақтың сапасын көтеру; 

2. Оқушыларды олимпиада, ғылыми жобаларға қатысуға дайындау;
3. Ерекше қабілетті, дарынды оқушылармен дамыту жұмыстарын жүргізу;
4. Пәнге қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалды жарыс ойындарын ұйымдастыру;

5.пәндер бойынша толық үлгерім беру;

6.озат тәжірибені насихаттау;

7.өзара сабаққа қатысып, пікір алысу;

      8.Оқушылардың физика, математика, информатика,биология, география, т.б.  

          сабақтарына деген қызығушылығын ояту;
       9. Математика, физика, биология, география, орыс тілі, қазақ тілі, Қазақстан  тарихы  пәндері бойынша оқушыларды  ҰБТ- ге   сапалы дайындық жұмыстарды ұйымдастыру.

 

.Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2015-2016 оқу жылына арналған оқу бағдарламасы негізінде және әдістемелік нұсқау хатқа сүйене отырып жасалынды.

Аудандық жоспарға сай  «Дарын » ғылыми жоба жарысында биология секциясы бойынша  9-сынып оқушысы  Елемесова Гүлзада қатысып, ІІ орынды иеленді. (пән мұғалімі-Байсалова Ж.Д)

Қараша айында өтілген  мектепішілік пән олимпиадасынан жеңімпаз  атанған оқушылар аудандық турға қатысып,4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

 

       Білім беру үрдісінің әдістемелік деңгейін жетілдіру бағытында  пән апталықтары жүйелі жүргізіледі. Әр апталықтың қорытындысы педагогикалық идеялар ретінде  әдістемелік кеңестерде қорытындыланып отырады. Мектептегі әдістемелік  жұмыс деңгейі  мониторингтік сараптама негізінде жүзеге асады. Мониторингтік жүйе диагностика негізінде жүзеге асты.

Әр мұғалімнің кәсіптік өсу рейтингісі шығарылып, соның негізінде барлық бірлестіктердің рейтингтік сараптамасы жасалды.Оқу- тәрбие жұмысының барысын одан ары нығайту, дамыту, ақпараттандыру,   ізгілендіру,     педагог      мамандардың  білімділігінің,  шығармашылық  ізденістерінің  нәтижесінде  іске  асады.

   Мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдердің  білімдерін жетілдіріп және  санат дәрежелері деңгейлерін көтеріп отыруларына көп көңіл бөлінеді   2015-2016  оқу жылында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту «Өрлеу» институтынан 3 мұғалім білімдерін жетілдіру курстарына барып, әріптестерімен курста алған жаңалықтарымен бөлісті. Деңгейлік курстан  білімін жетілдірген  4 мұғалім бар. І  деңгей бойынша   мектеп директоры Н.Т Нусипбеков, директорддың  оқу  ісі жөніндегі  орынбасары,  тарих пәнінің мұғалімі  Құрманғалиева М.Р, Физика  пәнінің мұғалімі Жанузақова С.А.  ІІІ деңгей  бойынша  бастауыш сынып  мұғалімі  Жиентаева Г.М. 3 айлық курс оқыса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Буркитбаева Ж.Қ 2 айлық курсқа, Жиенбаева Г  ІІІ  деңгейлік курсты аяқтап  сертификатталды.  Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте шығармашылық топ құрып мұғалімдердің осы бағытта жұмыс жасауына ықпал етуде. 

  Сонымен бірге мұғалімдер білім деңгейлерін курстан өтіп қана қоймай мектеп, аудан, облыс көлемінде өткізілетін конференцияларға қатысуда. Атап айтсақ музыка пәнінің мұғалімі А.Б Алсаев Аудандық семинар ұйымдастырылды, аудан көлемінде өткен семинарларға қатысуда, «Мәңгілік ел» идеясы бойынша Алматы облысында өткен облыстық конференцияға тарих пәнінің мұғалімі М.Р Құрманғалиеваның баяндамасы тыңдалып Республикалық жинаққа ұсынылды. АӘД пәнінің мұғалімі Е.М Қауысов Сайн Мұратбеков оқуына «Сайынды дала – қоңыр» тақырыбындағы шығармашылық жұмысын бойынша І орын иеленді.

 Сондай-ақ  интернет жүйесі және баспа құралдарының да уақыт талабына сай білім деңгейлерінің көтерілуіне ықпалы зор. Бүгінгі күні әр мұғалім өз пәні бойынша шығарылатын ғылыми-әдістемелік газет-журналдарға жазылып, ақпарат  тарататын құралдарды меңгеруде.  Мектебіміздің кітапханасында   интернет желісі арқылы мұғалімдер  өздеріне қажетті материалдарды іздестіріп,  білім дәрежелерін дамытуда.

     Әдістемелік жұмыс деңгейі сабақтардың жүргізілу барысында, сабақ беру сапасының негізінде көрінеді.  Бұл орайда мектеп бойынша сабақ талдау параметрлері  басшылыққа алынып,  әр пән мұғалімінің сабақ беру сапасы анықталып отырады.

         Мектепте мұғалімдердің біліктілігін көтеру жұмысы ұдайы жүргізіледі. 2015-2016 оқу жылында   3  мұғалім аттестатталуға  өтініш берді  және 2 мұғалім ІІ санат 12 біліктілік дәрежесіне аттестацияланды. 1мұғалім декреттік демалыста.


      Дарынды балалармен  жұмыс жүргізу үшін  оқушылардың «Дарын» бірлестігі құрылған.Жетекшісі ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі Калышева А.Е. Дарынды оқушылар  саны 8 оқушы, бұл мектептің 10  пайызын құрайды. 

Халықаралық интеллектуалдық марафондарына ( « «Кенгуру »-2 оқушы, «Золотое руно»-2 оқушы)  қатысқан барлық  оқушы сертификатпен марапатталды. 2015-2016 оқу жылындағы аудандық пән олимпиядасының қорытындысы бойынша аудандық пән олипиядасына 13 оқушы қатыстырылды.  9 сынып оқушысы Маулетхан Айғаным Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі Нусипбеков Н.Т. 8 сынып оқушысы Телембай Шыңғыс Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі Құрманғалиева М.Р. 10 сынып оқушысы Даулетқызы Айжан қазақ тілі пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі Бүркітба

Похожие публикации:

01 май 2017 ҰБТ туралы
29 апрель 2017 Сабақ кестесі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив