Schoolchildren achievement » "Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Мәншүк Маметова орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Абай оқуы
11
December
2023
Абай оқуы
Мектебіміздің 1- сынып оқушысы Телембай Айтөре Маратұлы "Мың бала" республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының қараша айындағы "Абай оқулары" конкурсына қатысып ІІ- орын иеленгені үшін марапатталады. Сынып жетекшісі Тохаева Жанар Султанкожаевна   ​https://web.facebook.com/100047900241628/videos/pcb.873496820923651/660046022957883​​​047900241628/videos/pcb.873496820923651/660046022957883  
“Жарқын болашақ”
02
May
2023
“Жарқын болашақ”
Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Бауыржан Алан “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінің “Білгірлер бәйгесі” бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Буркитбаева Ж.Қ. Білімді шәкірттеріміз көбейе берсін.
жетістік
02
May
2023
жетістік
8-сынып оқушысы Бауыржан Алан “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде “Білгірлер бәйгесі” бағыты бойынша ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі: Буркитбаева Ж.К. Жас талапкерлеріміздің асығы алшысынан түсе берсін. Сәттілік серіктері болсын!
Жетістік
02
May
2023
Жетістік
Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Нұрмұханбет Гүлменай “Talim Group” біліктілікті арттыру орталығы мен Республикалық “Мұғалім мерейі” педагогикалық журналының ұйымдастыруымен өткен “Жарқын болашақ” атты Республикалық шығармашылық байқауында 8-9 сынып оқушылар арасында “Кибербуллинг деген не? және ол несімен қауіпті?” тақырыбы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Касенова И.А. Дарынды оқушыларымыз биіктерден көріне
“Яссауитану”
01
March
2023
“Яссауитану”
Мектебіміздің мақтанышы, 10-сынып оқушысы Рыскелді Сүйеніш аудандық “Яссауитану” білім байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.  Жарқын болашақ тілейміз!!!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
01
March
2023
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! Мектебіміздің жас спортшылары Алматы қаласында өткен 2007-2016 жылғы жастар және жасөспірімдер арасында бокстан “Медина” спорт кешенінде өткен Республикалық ашық турниріне қатысып, жүлделі орынға ие болған жас спортшыларымыз: 3-сынып Болатбек Нұрәли ІІ орын 8-сынып Еркін Заңғар ІІІ орын 5-сынып Шәріпхан Аслан ІІІ орын 5-сынып Ермек Әмір ІІІ орын Спортшыларымыздың болашағы жарқын болсын!! Сәттілік тілейміз!!!
Комбат дзю-дзюцу және джиу-джитсудан жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы турнир.
13
December
2022
Комбат дзю-дзюцу және джиу-джитсудан жеткіншектер мен жасөспірімдер
Комбат дзю-дзюцу және джиу-джитсудан жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Жетісу облысының ашық біріншілігінде 40 кг салмақ дәрежесінде 10 сынып оқушысы Рыскелді Сүйеніш және 45 кг салмақ дәрежесінде 9 сынып оқушысы Қайынбек Райымбек ІІІ орын иегерлері атанды! Жас спортшыларымызға болашақта сәттілік тілейміз!!!
Балалар жылына орай бокстан 2009-2010ж.т. жасөспірімдер арасындағы турнир.
13
December
2022
Балалар жылына орай бокстан 2009-2010ж.т. жасөспірімдер арасындағы
Балалар жылына орай бокстан 2009-2010 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қызметкері Валерий Алексеевич Легайдың 80 жасқа толуына орай облыстық турниріне қатысып ІІ орын иеленген 7 сынып оқушысы Болатбек Нұрбек және ІІІ орын иеленген 8 сынып оқушысы Бауыржан Алан МАРАПАТТАЛАДЫ. Жас спортшыларымызға болашақта сәттілік тілейміз.
"Туған елің- Қазақстанды жақсы білесің бе?"
21
October
2022
"Туған елің- Қазақстанды жақсы білесің бе?"
Ақсу ауданы, М.Маметова атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен Education Department of Kerbulak districtнде "Туған елің- Қазақстанды жақсы білесің бе? республикалық балалар оқуларының мектепішілік кезеңі өткізілді. Жеңімпаздар анықталып марапатталды.
Оқушы жетістіктері
11
April
2022
Оқушы жетістіктері
Ақсу ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ оқушылары аудандық пән олимпиадасынан жүлделі орындарға ие болды. Мектеп директорының міндетін атқарушы А.Б. Алсаев марапаттады.