27
October
2021
«Қош келдің, алтын күз!»
Келді міне алтын күз
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
Таңқалдырып халқын күз!
Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын, - дей отырып, жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі «Қош келдің, алтын күз!» байқауы өтті. Байқауға 5-9 сынып оқушылары қатысты. Мектебіміздің директоры міндетін атқарушы Г.Н. Жиенбаева оқушыларды құттықтап, марапаттау қағаздарын табыстады. Сайыс бойынша:
Бас жүлде: 7 сынып оқушылары
1-орын: 5 сынып оқушылары.
2-орын: 6 сынып оқушылары.
2-орын: 9 сынып оқушылары.
3-орын: 8 сынып оқушылары