Оқушыларға » Страница 4 » "Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Мәншүк Маметова орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сабақ кестесі
06
январь
2023
Сабақ кестесі
"М.Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ -нің 2022-2023 оқу жылындағы ІІ жарты жылдыққа арналған сабақ кестесі
Ұбт 2023 жаңалықтар!
05
январь
2023
Ұбт 2023 жаңалықтар!
Ұбт 2023 жаңалықтар! Ұбт 2023 қалай өтеді? Ұбт 2023 өзгерістер.Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты ең маңызды мәліметтерді ұсынды. ҰБТ 2023 жылы 5 рет өткізіледі: ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында 3 рет; грант байқауына арналған ҰБТ – мамырдан бастап маусымға дейін 2 рет. Оқи отырыңыз: 2023-2024 оқу жылына 88 мыңнан астам оқу гранты бөлінді.  
“Тәуелсіздік-тұғырың!”
14
декабрь
2022
“Тәуелсіздік-тұғырың!”
Мектебімізде, 3-сынып оқушыларымен “Тәуелсіздік-тұғырың!” атты тақырыпта сынып сағаты өтілді. Мақсаты:. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, жас ұрпақ бойына еліне, жеріне,  ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Жиентаева Гүлназ Мәнібекқызы
“Тәуелсіздік-тұғырым”
14
декабрь
2022
“Тәуелсіздік-тұғырым”
Мектебімізде 4 сынып оқушыларымен “Тәуелсіздік-тұғырым” атты 16 желтоқсанға арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Тохаева Жанар Султанкожаевна
“Тәуелсіздік-таң нұры!”
14
декабрь
2022
“Тәуелсіздік-таң нұры!”
Мектебімізде, 6-сынып оқушыларымен “Тәуелсіздік-таң нұры!” атты тақырыпта әдеби монтаж сабағы өтілді. Мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриотттық сезімдерін ояту. Сынып жетекшісі: Кутанова Салтанат Толеубековна
Мектебімізде МАД тобы оқушыларымен Математика негіздерінен “10 саны” тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара
13
декабрь
2022
Мектебімізде МАД тобы оқушыларымен Математика негіздерінен “10 саны”
Мектебімізде МАД тобы оқушыларымен Математика негіздерінен “10 саны” тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекеті болды. Ұйымдастырылған іс-әрекетінің мақсаты: 1-10 көлеміндегі сандарды санауға. Тура және кері санауға үйрету. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік номерін айту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. МАД тобының жетекшісі: Ержанова Индира Сейтжановна
“Тәуелсіздік-тұғырым”
13
декабрь
2022
“Тәуелсіздік-тұғырым”
Мектебімізде “Тәуелсіздік-тұғырым” атты тақырыпта 5-сынып оқушыларымен сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушыларымыздың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ой-өрісін, санасын ояту, кіндік кескен жерін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Буркитбаева Жанара Калиевна
Комбат дзю-дзюцу және джиу-джитсудан жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы турнир.
13
декабрь
2022
Комбат дзю-дзюцу және джиу-джитсудан жеткіншектер мен жасөспірімдер
Комбат дзю-дзюцу және джиу-джитсудан жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Жетісу облысының ашық біріншілігінде 40 кг салмақ дәрежесінде 10 сынып оқушысы Рыскелді Сүйеніш және 45 кг салмақ дәрежесінде 9 сынып оқушысы Қайынбек Райымбек ІІІ орын иегерлері атанды! Жас спортшыларымызға болашақта сәттілік тілейміз!!!
Балалар жылына орай бокстан 2009-2010ж.т. жасөспірімдер арасындағы турнир.
13
декабрь
2022
Балалар жылына орай бокстан 2009-2010ж.т. жасөспірімдер арасындағы
Балалар жылына орай бокстан 2009-2010 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қызметкері Валерий Алексеевич Легайдың 80 жасқа толуына орай облыстық турниріне қатысып ІІ орын иеленген 7 сынып оқушысы Болатбек Нұрбек және ІІІ орын иеленген 8 сынып оқушысы Бауыржан Алан МАРАПАТТАЛАДЫ. Жас спортшыларымызға болашақта сәттілік тілейміз.
" Кибер буллинг"
08
декабрь
2022
" Кибер буллинг"
Мектеп психологі Касенова И.А   " Кибер буллинг" жайлы жоғарғы сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.