Іс-шаралар » Страница 10 » "Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Мәншүк Маметова орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"
01
сентябрь
2022
"Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет"
Ағымдағы жылы қыркүйек айының 1-де "Білім күніне" орай,  сағат 10.50 - 11.30-да 1-11 сынып оқушылары арасында  "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.   
Қоршаған орта. Жыл мезгілдері.
12
апрель
2022
Қоршаған орта. Жыл мезгілдері.
М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ бастауыш сынып ұстазы Г.М. Жиентаева 2 сынып оқушыларымен “Әдебиеттік оқу” пәнінен сабақ өтті. Тақырыбы: Қоршаған орта. Жыл мезгілдері.  Сабақтың мақсаты: 2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербальды емес тілдік құралдарды қолдану
Үшбұрыш. Шаршы. Шеңбер
01
апрель
2022
Үшбұрыш. Шаршы. Шеңбер
Ақсу ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ шағын орталықта жоспарға сай ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш. Шаршы. Шеңбер. Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйретудің жалғастыру: шеңбер,шаршы,үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуді жалғастыру.
“Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлы”
31
март
2022
“Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлы”
Ақсу ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ бастауыш сынып ұстазы Тохаева Жанар Сұлтанқожаевна 3 сынып оқушыларымен “Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлы” атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.  Мақсаты: Ұлт ұстазын оқушыларға таныстыру, өмір жолынан өнеге беру.
“Жас Ұлан”, “Жас Қыран”
23
март
2022
“Жас Ұлан”, “Жас Қыран”
Ақсу ауданы,М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ жоспарға сай мектеп оқушыларын “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” ұйымына қабылдады. “Жас Ұлан” ұйымының мақсаты-оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
“Наурыз-құтты болсын!”
17
март
2022
“Наурыз-құтты болсын!”
Ақсу ауданы, “М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ” бастауыш сынып ұстазы Тохаева Жанар Сұлтанқожаевна 3 сынып оқушыларымен наурыз мерекесіне орай “Наурыз-құтты болсын!” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық мереке жайлы түсінік беріп, салт-дәстүрді бойларына сіңіру.
“Толағай” отбасылық спорттық жарыс
16
март
2022
“Толағай” отбасылық спорттық жарыс
Ақсу ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ “Толағай” отбасылық спорттық жарыс өтті. Жарыс 5-10 сыныптар арасында өтті.  Мақсаты: Салауатты  өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кеңінен тарату. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы мықты болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстауға тәрбиелеу.
«Мың бұралған мектебімнің бишілері - ай - 2022!»
28
февраль
2022
«Мың бұралған мектебімнің бишілері - ай - 2022!»
Ақсу ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ Ақпан айының 25-сі күні мектебімізде  МАД, 1-4, 5-10 сыныптар арасында «Мың бұралған мектебімнің бишілері - ай - 2022!» би байқауы өтті.  Би байқауының мақсаты: өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып білуге бағыттау. Білім алушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр-сырын үйрету. Ұйымдастырған педагог ұйымдастырушы: Кальпебаева С. Д
Алаш ардағы Ахмет Байтұрсынов
24
февраль
2022
Алаш ардағы Ахмет Байтұрсынов
Ақсу ауданы, М.Мәметова атвндағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ қазақ тілі пәні ұстазы Буркитбаева Ж.Қ. Алаш ардағы Ахмет Байтұрсыновтың 150жылдық мерейтойына орай 9-11 сынып оқушвлары арасында мәнерлеп оқу өткізді. Мақсаты:  1.Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
"Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткіер"
17
февраль
2022
"Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткіер"
Ақсу ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ 7-11 ақпан аралығында "Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткіер"  тақырыбында Өнер пән бірлестігінің апталығы болып өтті. Мақсаты: Білім технологияларының элементтерін тиімді пайалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер, білім-білік сауаттылықтарын арттыру. Халқымыздың мәдени мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.