Ұстазым » "Мәншүк Маметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Мәншүк Маметова орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
октябрь
2023

Ұстазым

"Ұстазым менің, ұстазым" челленджі. Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, "М. Маметова атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ дене шынықтыру пән мұғалімі Дутбаев Марат Телембайұлы. 
"Әлемді сұлулық құтқарады" деген әдемі сөз бар. Бұл адам баласының көркемдікті, сұлулықты қашан да іздейтін, сұлулықтан рухани азық алатынын білдірсе керек. Менің ойымша, Ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Бала жанын сәулелендіруші, әлемді сүюге ықпал етуші тұлға. Қасиетті Құран Кәрімде "Ұстаз- Алланың елшісі" делінген, яғни адам жанына ізгілік нұрын құюшы, тәрбиелеуші деген сөз. Менің Анам, Ұстазым Байдолданова Қатипа Дулатбекқызы М.Маметова атындағы орта мектепте 40 жыл бойы бастауыш сынып мұғалімі қызметін абыроймен атқарған тұлға.  Ұзақ жылғы еңбек жолында шәкірттерінің ұшқыр ойлы дарындылық қабілетін шыңдап, ізденіске, жаңалық ашуға мүмкіндік жасады. Сән салтанаты келіскен кезеңде заңғар  заманның бәсекеге қабілетті азаматын тәрбиелеп шығару - ұстаз шарапаты мен шапағаты екені сөзсіз. Мен  де өмірлік Ұстазым, рухани Ұстазым- Қатипа анам  секілді ұстаздық жолымды білім дәнін егуге, балаға білім беруге арнадым. Бүгін де сол еткен еңбегім нәтижесіз емес. Мектепке келген әр жас маманның педагогикалық еңбек жолына бағыт- бағдар беріп, оларға қолдау көрсетуімнің бірден бір себебі, Ардагер ұстаздардың алдын көргендігім  болар. Айналамдағы өз әріптестерімнің жәй педагогтен " Ұстаз" деген атқа лайық болуына ықпал етуге тырысамын. Осындай ұлы істің, қызығы мен шыжығы мол мамандықтың иесі болу - үлкен бақыт.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив